Бірлесіп көтерген жүк жеңіл!

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл!

Біз, Талғар аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлері Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлына алғысымызды білдіреміз!

Қиын қыстау кезеңде медицина қызметкерлеріне рухани және қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. Жергілікті басшылық тарапынан медицина мамандары арнайы жатақханамен қамтылды. Бізді барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп жатыр. Қазір отбасымыздан жырақта жүріп науқастарға қажетті ем- дом жасап қолымыздан келгенше көмектесудеміз.

Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді деп сенеміз.

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл,- дегендей басымызға түскен бұл қиындықты бірлесіп жеңеміз.
БІЗ БІРГЕМІЗ !!!

Айнұр Сәдуақасова,

аудандық орталық аурухананың ересектер бөлімінің меңгерушісі.