Бұл індетті міндетті түрде жеңіп шығамыз!

Бұл індетті міндетті түрде жеңіп шығамыз!

Бүгін, 27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады. Президентіміздің мәлімдемесінде айтылған барлық сөзіне толықтай қосыла отырып, ризашылығымды білдіргім келеді. Қазіргі таңда еліміз бірігіп, өздерінің жақсы қасиеттерін көрсете отырып, төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз!» қамқорлық акциясын ары қарай жалғастыруымыз қажет. Расында уақыт қазір біз үшін қиын. Бірақ, бұл уақытша жағдай және біздің рухани мықты еліміз әлемді аралаған коронавирустық инфекцияны міндетті түрде жеңіп шығады! Мәлімдемеде  айтылған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің қабылданатыны мені ерекше қуантты. Біз біргеміз!

 Қыдырәлиева Айжан,

Тұздыбастау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.