СОVID-19 вирусы тағы 5 адамнан табылды

СОVID-19 вирусы тағы 5 адамнан табылды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Coronavirus2020.kz-тің мәліметінше Алматы қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 3 адам.

3 сәуір 14.00-гі ақпаратқа сай осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында — 22 адам, Ақмола облысында — 19 адам, Атырау облысы — 20 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында — 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 3 адам, Алматы облысында — 9 адам, Ақтөбе облысында — 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 18 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 26 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 16 адам, жалпы 453 науқас тіркелді.

Жазылып шыққандар — 29 адам.

Қайтыс болғандар  — 3 адам.

Талғар-ақпарат