Әскери қызмет туралы анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

Әскери қызмет туралы анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтаманы Egov.kz электронды үкімет порталында онлайн немесе ХҚО-да алуға болады.
1.Қызметті онлайн алу:
✅Порталда авторизациядан өткеннен кейін «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінен қажетті қызметті тауып, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
✅Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз. Ол үшін сіз міндетті түрде мобильдік азаматтар базасына тіркелуіңіз керек.
✅Жеке кабинетіңіздегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде 5 минут ішінде өтінішіңіздің нәтижесімен таныса аласыз.
2.Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы алу:
✅ХҚО-ға жеке куәлігіңізбен барып өтініш жазасыз. ❗❗❗Бұл ретте қабылдау қызмет алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

《Азаматтарға арналған үкімет》 мемлекеттік корпорациясы》 КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы Талғар аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі