Ауызбіршіліктің арқасында мұны да жеңеміз

Ауызбіршіліктің арқасында мұны да жеңеміз

Бүгінде әлемде тараған  індет  біздің елімізді де айналып өтпеді. Бұл індеттен  адамзат жақын туыстарынан, жолдастарынан, қымбат жандарынан айырылуда. Әлем дүрлігуде. Бұл барлығымызға ортақ үлкен трагедияға айналды.

Мұндай сәтте бабаларымыз   тарихтың қай кезеңінде болмасын  бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ынтымақтың  — бұзылмайтын қорған екендігін  бойымызға дарытып келген.

Ауызбіршілігіміз бен  қайырымдылығымыздың арқасында, Елбасымыз   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  көрегенді  саясатының арқасында  көп ұлтты, көп дінді  мемлекетіміз  әлем державасында  толеранттылық пен бейбітсүйгіш мемлекет статусына ие болды.

Міне дәл бүгін де  Елбасымыз  халқымызға  маңызды  үндеуін   жеткізді. Елбасымыздың қиын қыстау сәтте батылдық пен  көрегенділікке, кеңпейілділікке, қамқорлыққа шақыруы еліміз үшін аса қажет  әрі орынды деп білемін.

Біз қазақстандықтар бірлігіміз бен қайырымдылығымыз, қамқорлығымыз бен бауырмашылдығымыздың арқасында   барлық ауыртпалықты жеңетінімізге  кәміл сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 Қожамбердиев Марат,

Талғар ауданының Құрметті азаматы.