Үстел теннисінен үздіктер анықталды

Үстел теннисінен үздіктер анықталды

Жуырда  Белбұлақ ауылындағы №32 орта мектепте саламатты өмір салтын насихаттау, жастарға үлгі көрсету, спортпен жүйелі айналысуды ықпал ету, спорттық шеберліктерін және жан — жақты дайындықтарын арттыру, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты үстел теннис ойынынан жарыс өтті. Шараға ерікті жастар, жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, ұстаздар, оқушы жастардан құралған бес команда қатысты. Тартысты өткен ойын нәтижесінде бірінші орынды «Жүйріктер» командасы, екінші орынды «Тұлпар» командасы иеленсе, үшінші орын тұғырынан «Үздіктер» және «Жігер» командалары табылды.  Барлық команда арнайы дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды. Ойында төрешілік еткен аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Сермаханова Мария және мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері шынайы сайыс үлгісін көрсеткен қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Мұндай сайыстар жиі ұйымдастырылса жастар бос уақыттарын тиімді өткізетініне сеп болады. Әрі спорт – мақты денсаулықтың кепілі, — дейді жарысқа қатысқан  Белбұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Арман Анарбек.

 

Айтқалиев Қайсар,

Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының маманы.