Ұлттық мақтаныш ұлықталды

Ұлттық мақтаныш ұлықталды

Бүгін Талғар аудандық кітапханасында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани құндылық – ұлт қуаты» атты білім алушылармен дөңгелек үстел өтті. Шараға Талғар медициналық колледж мекемесінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, белсенді студенттері және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжеева Алима Мұратқызы мен  жұмыссыз жастар қатысты. Талғар аудандық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Токарзаева Ризвангүл Төлегенқызы «Рухани құндылық – ұлт қуаты» атты тақырыбы бойынша баяндама оқып, жастардың тарихты қадірлеуі  керек екенін тереңінен түсіндіріп өтті. тиіс екенін айтты. Жастар ұлт қуаты, ұлт тәрбиесі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.  «Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом тараулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде ,ата –баба салт санасында, дәстүрінде. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек,еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінеді. Көкіректерінде  ұлтына деген сүйіспеншілігі еселей түскен жастар басқосудан осындай ой түйіп тарқасты.

 

«Талғар-ақпарат»