Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?

Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?

2019 жылдан бастап өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ай сайын біріңғай жиынтық төлемін (БЖТ) төлеуі тиіс.
❗БЖТ төлемінің ай сайынғы мөлшері қала тұрғындары үшін – 1 АЕК, ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК.
?БЖТ кім төлейді?
Өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтар БЖТ төлеушілері болып танылады және олар келесі шарттарға сәйкес келу қажет:
✅бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
✅жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды;
✅акцизделетін өнімдерді қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетін өнімді қоспағанда, өз өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізеді.
Бұл ретте, БЖТ төлеушілері табысының мөлшері жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиіс.
?БЖТ қашан және қалай төлеу қажет?
БЖТ-ні табыс алынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. Сондай-ақ келесі айларға аванс төлеу мүмкіндігі бар.
❗❗БЖТ-ні Қазақстанның кез келген банкі кассаларында, олардың мобильді қосымшаларында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелерінде төлеуге болады. Ол үшін өзінің жеке куәлігін көрсетіп, «183» ТТК бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ банктік шотына төлем жүргізу қажет.
?БЖТ сомасы салықтар бойынша қалай бөлінеді?
Бірыңғай жиынтық төлем сомасын «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ келесі пропорцияда бөледі:
✅10% – жеке табыс салығы (ЖТС);
✅20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);
✅30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
✅40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).
?Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу:
✅міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға;
✅зейнетақы жинақтарын жүргізуге мүмкіндік және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық береді;
✅еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.
#оқы_тоқы

Талғар-ақпарат