Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жаңадан тағайындалды

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жаңадан тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Палымбетовтың орнына Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

Рустам Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылдың 16 ақпанында Өскемен қаласында дүниеге келді. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (заңгер), 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист), 2013 жылы — «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігіндегі заң департаменті директорының орынбасары, «GRATA» заң фирмасының серіктесі, «КМГ-Консалтинг» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» «Барлау және өндіру» АҚ-тың құқықтық мәселелер бойынша басқару директоры, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да заң департаментінің (басқарма мүшесі) директоры болып жұмыс істеген. ҚР ҰКП-на тағайындалуына дейін «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры болып қызмет еткен. 2015 жылы 20 қаңтарда ол ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Талғар-ақпарат