Қоғамдық қабылдаудың маңызы зор

Қоғамдық қабылдаудың маңызы зор

«Nur Otan» партиясы бүгінде елмен етене жұмыс істейтін нағыз халықтың партиясына айналды. Партияның имиджін қалыптастыруға қоғамдық қабылдау бөлімдері де игі әсерін тигізуде. Халықтың партияға деген көзқарасы да, көп жағдайда, осы қоғамдық қабылдаулардың жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Партияға үлкен үмітпен келген әр азамат үнемі қолдау тауып, көмек алып жатады.
Міне Талғар аудандық «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері де күн сайын халықпен тығыз жұмыс жасап, тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, олардың оңтайлы шешілуіне бар күш-жігерлерін жұмсауда. Халықтың партиядан көмек сұрап келгендегі көтеретін мәселелерінің басым бөлігі әлеуметтік түйткілдер, жұмыспен қамту және баспана, жарық, ауыз су, жол мәселелеріне қатысты болып келеді. Олардың кейбірін қолма-қол шешсе, кейбірі партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өтетін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, депутаттардың және заңгер мамандардың қабылдауларында шешімін тауып жатады. Атап айтар болсақ, «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ермағанбетова кеңдалалық жалғызбасты ана М.Жолшиеваға үйінің құжаттарын жеңілдікпен рәсімдеуге көмектессе, аудандық мәслихат депутаты М.Омарбаев кеңдалалық көпбалалы отбасына қыстық көмірін жеткізіп берді. Ал, халық қалаулысы С.Нұрдаулетов панфиловтық көпбалалы ана Б. Дауренбекованың отбасымен тіркеуге тұруына көмектесті. Аудан прокуроры Б.Қыдырбаевпен аудандық мәслихат депутаты К.Исабаев кесте бойынша Талғар қаласының тұрғындарын қабылдап, заң аясында кеңестер берсе, аудандық мәслихат депутаты Б.Құдабаев Кеңдала ауылының тұрғыны 1-топ мүгедегі Ж.Сағынышовамен кездесіп, мәселені заңға сүйене шешудің жолын ұсынды. Ал аудандық бақылау және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы А. Қожахметов Талғар қаласының тұрғыны 1-топ мүгедегі Р.Кахиров пен А. Ауғанбайды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдап, оңтайлы шешілуін қадағалады. Аудандық «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінің мамандары ел тілегін назарда ұстап, олардың оң шешімін табуына бар күштерін салып келеді. Қабылдау бөлімінің есігі қашанда ашық, мамандар халыққа қызмет етуге дайын.

Перизат Нұрқаева,
«Талғар».