Колледжде өткен жарыс

Колледжде   өткен  жарыс

Өткен аптада Талғар политехникалық колледжінде мұғалімдер күніне орай мұғалімдер мен студенттер арасында тоғызқұмалақ, шахмат пен дойбы ойынынан жарыс болып өтті. Колледждің дене тәрбиесінің мұғалімі Асқар Ерғалиев ұйытқы болған бұл жарыста колледждің әр тобынан жиналған студенттер өте жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ой ұшқырлығы мен алғырлықты қажет ететін тоғызқұмалақ ойынында екінші курс студенті Есхат Қалиахмет бас жүлдені жеңіп алса, 38 топтың спортшысы Дильназ Ерболатова екінші жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орынды бірінші курс студенті Гүлназ Ерболатқызы иемденді. Ұшқыр ой мен сезімталдықты қажет ететін дойбы ойынында бірінші курс студенті Ернар Бақытбекке тең келер ешкім болмады. Екінші орынға екінші курс студенті Айтбай Айбек ие болса, үздік үштікті екінші курс спортшысы Ләйлә Кисебаева түйіндеді. Шахматшылар бәсекесінде ІІ-курс, 28 топтың шахматшысы Шыңғыс Батқалқазы ерекше алғырлығымен бас жүлденің иесі атанса, екінші орынға ІІ-курс спортшысы Жайдар Берікұлы, ал үшінші орынға І-курс, 18-топтың студенті Дамир Әнуарбеков шықты. Жарыс соңынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге политехникалық колледжі дирекциясы белгілеген «Мадақтама» қағазы, естелік медаль мен сыйлықтар тапсырылды.

Тұрсынбек Жалғасбаев,
«Талғар».