Салықтық рақымшылық кімге қарастырылған?

Салықтық рақымшылық кімге қарастырылған?

Жеке және заңды тұлғалар үшін салықтық рақымшылық кезеңінің  бітуіне 4 ай қалды. Негізгі салық берешегі төленген жағдайда мемлекет үстеме өсімпұл мен айыппұлдарды кешіруге дайын.  Бүгінге мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларында арнайы комиссиялар жұмыс істеп жатыр,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат, облыстық баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Ресми деректерге сәйкес Алматы облысында тек 103 мың жеке тұлғаның  1 млрд.450 млн теңгеден аса салық берешегі бар. Ал, өсімпұл берешегі 507 мың теңгеден асады. Салықтық амнистия жеңілдіктерін тиімді пайдаланып жатқандар бар. Негізінен кәсіпкерлер субъектілері, мәселен биылдыққа аталған үрдістер нәтижесінде 5,5 мың шағын және орта бизнес нысанының 110,08 млн өсімпұл мен 22 млн теңге есептен шығарылыпты.

Қағидалар нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 2 тамызда жарияланған және 2019 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Осыған орай, барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салықтық рақымшылыққа жататын жеке тұлғалардың тізімін ақпараттық жүйелерден алып есептен шығару бойынша комисиялар құрылған.

Комиссия шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Түгендеу жұмыстары 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізіледі. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңіндегі салық міндеттері бойынша туындаған сомасын толық көлемде төлеген, салық төлеушілер, осындай салық төлеушілерді анықтаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік кірістер органы шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығару жүргізеді.

Бұл ретте заңының 57-3-бабының ережелерін және қағидаларды қолдану бойынша  келесіні түсіндіреміз.

Салықтық рақымшылыққа азаматтардың екі категориясы жатады.

Бірінші категория – орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар (көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы, жеке табыс салығы, жер учаскесін қолданғаны үшін төлем, және жеке тұлғаның басқа міндеттемелері). 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары рақымшылыққа жатады.

Екінші категория – кәсіпкерлік қызметі бойынша (қосымша құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар),  жергілікті ақпарат жүйесінен «БСАЖ» АЖ-не өткен кезде, он бес жыл бұрын пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар. Бұл ретте осындай жеке тұлғалар бұрынырақ кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ. Бұл категория бойынша салықтық берешектің барлық сомасын есептен шығару қажет.

Осы жылдың тамыз айындағы мәліметке сәйкес, 5331 салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 423,3 млн.теңге берешегін төлегендіктен, 110,8 млн. теңге сомасына өсімпұл және 22,0 млн. теңгенің айыппұлдары өтелді. Рақымшылық жасау үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың керегі жоқ. Негізгі қарыздың сомасын, өсімпұл мөлшерін комитеттің интернет ресурсынан, веб-қосымшасында жеке шоттан көшірмесін алуға және «Электронды үкімет» порталынан, онлайн режимінде «Салық қарызының жоқтығы (болуы) туралы ақпарат» электрондық қызметін пайдаланып,салық төлеуші ЖСН/ БСН  бойынша   біле алады. Осылайша, алдын ала деректер бойынша,  122,6 млрд. теңге қарыз төленген жағдайда, 39,3 млрд. теңге сомасындағы өсімпұл  мен 0,1 млрд. теңге айыппұл есептен шығарылады деп күтілуде.  Акция жылдың соңына дейін жалғасады.