Талдықорғандық жүргізуші көлігін онлайн тіркеп 20 мың теңге ұтып алды

Талдықорғандық жүргізуші көлігін онлайн тіркеп 20 мың теңге ұтып алды

Куаныш Бегалиев «Азаматтарға арналған үкімет» жүргізу шілер арасында өткен «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек» атты байқаудың жеңімпаздарының бірі,- деп хабарлайды Талғар-ақпарат.

«Мен электронды порталда көлігімді тез-ақ тіркеп, бас-аяғы бір сағатта жаңа құжаттарды қолыма алдым. Оның үстіне бүгін жеңімпаз атанып, сыйлық алып отырмын. Көп адам мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды қиын деп санайды. Бүгінге дейін мен де солай ойлағанмын. Енді қызметтерді тек электронды үкімет порталында ғана рәсімдейтін боламын. Сіздерге де кеңес беремін. Бұл оңай әрі уақытыңызды да жоғалтпайсыз!», деп қуанышымен бөлісті жеңімпаз.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда жарияланған байқау бір айға созылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар өз көліктерін 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталында онлайн тіркеуі тиіс болатын. Атап өтер болсақ, бұл шара бұған дейін өткізілетін барлық шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы болды — байқауға барлығы 4 696 адам қатысты. Байқаудың басты демеушісі – Aster Auto. Ұтыс ойыны астаналық мамандандырылған ХҚО-да өтіп, корпорацияның ресми Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ

TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!