Қазақстандық шахматшы халықаралық додада жеңіске жетті

Қазақстандық шахматшы халықаралық додада жеңіске жетті

Шахматшы Жансая Әбдімәлік  халықаралық турнирде жеңіске жетті,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат

Жансая Венада өткен Vienna Open ашық турниріне ұзын саны 398 спортшы қатысты. Отандасымыз әйледер арасынан топ жарып, 1 орынды қанжығасына байлаған. Бұл қуанышты жаңалығы туралы ол өзінің Instagram парақшасы арқылы бөліскен.

«Мен әйелдер арасында 1-орынға ие болдым, ал ерлер арасында 2-11-ге бөліндім. Сондай-ақ, ол ең жақсы әйел нәтижесі үшін аты аңызға айналған Нана Александриядан арнайы сыйлық алдым. Барлық жанкүйерлеріме қолдау көрсеткендері үшін рахмет! »- деп жазды Жансая.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ

TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!