GGG мен Деревянченконың арасындағы жекпе-жек күні анықталды

GGG мен Деревянченконың арасындағы жекпе-жек күні анықталды

Отандасымыз GGG мен украиналық Сергей Деревянченконың арасындағы өтетін жекпе-жек 5 қазанға жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Талғар-ақпарат тілшісі.

Бұл бокс кешінде орта салмақ бойынша IBF титулы сарапқа салынбақ.

Боксшылар орта салмақтағы IBF титулына таласады. «Өзімнің екінші үйімдей болып кеткен MSG рингіне оралуға қуаныштымын. 5 қазанда жақсы жекпе-жек өтеді.  Madison Square Garden мен  DAZN-ға Big Drama Show-ды қайтарамыз. Нью-Йоркте кездескенше!», — деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Талғар-ақпарат

Telegram каналымызға жазылыңыз !