Халал шұжықтардың құрамынан шошқа майы табылды

Халал шұжықтардың құрамынан шошқа майы табылды
«Сапа» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық қоғамының сарапшысы Римма Гахова ұйымның «қара тізіміне» енген шұжық өндірушілерді атап өтті . Бұл туралы елордада өткен аймақтағы халал индустриясын дамыту жөніндегі кеңес отырысында айтылды,– деп хабарлайды Талғар-ақпарат
«2018 жылды қазан айында құрамында «шошқа еті жоқ» деген жазуы бар «Мусульманская» ( «Бижан» ет өңдеу кешені ЖШС), «Дастархан» («Рубиком» ЖШС), «Халал» логотипі бар «Астана» («Апрель» ЖШС) шұжықтары біздің ұйымның «қара тізіміне» енген болатын. Бұл дегеніміз, тұтынушылардың құқығын бұзып қана қоймай, иман келтіргендердің сенімін қорлау болып табылады. Осыған орай, біз сіздердің  «Халал» сертификатын алудағы құқық бұзушылықтарға назарларыңызды аударғымыз келеді», — дейді ол.
2018 жылы Муфтият жанындағы «Халал Даму» ЖШС 148 кәсіпорынға «халал» сертификат бергені анықталып отыр. Оның алдыңғы 2017 жылы 600 компания дәл осындай сертификатка ие болған.
«Халал өнім құрамынан шоқа майының  бар екендігін дәлелдейтін экспресс-тесттер пайда болды. Тіпті бұл тесттен  халал цехы бар өндірушілердің өзі өте алмай қалған.», — дейді сарапшы.
Осы саладағы кәсіпкерлер Атамекен ҰКП-ге әлдебір ДНҚ-ның 0,9% сияқты белгілі бір рұқсат етілетін  деңгейін енгізу туралы өтінішін білдірген. Және осы стандартты «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттеріне қосуды сұраған көрінеді.
«Егер өндірушілердің бұл ұсынысы қабылданса, шикізат құрамын анықтайтын экспресс-тест әдісі бұдан былай жарамсыз болып қалады, өйткені аталмыш сынақ тесті нәтижені сандық тұрғыдан көрсетпейді. Қазақстанда халалдың ұлттық стандарттарының жоқтығына байланысты халал шұжықтарында шошқа ДНҚ-ның болуы қалыпты нормаға айналады. Осындай нормаларды енгізуге кімдер құлықты? Олар – өнім құрамында үнемі шошқа ДНҚ-сы табылатын «Бижан» ет өңдеу кешені ЖШС, «Первомайские деликатесы» ЖШС, «Рубиком» кәсіпорны» ЖШС», — дейді Римма Гахова.
2030 жылы әлем мұсылмандарының саны 2,2 миллиардқа  жетеді деп күтілуде. Демек әлем нарығында халал өнімдерген сұраныстың артатыны да сөзсіз. Қазақстан өнімдеріне ірі ислам мемлекеттері қызуғушылық танытуда, бірақ «харам» нормасы рұқсат етілген тауарларға емес. Асыл ислам дінімізде  «Үлкен мөлшерде тыйым салынған нәрселерге аз мөлшерде де тыйым салынады»,- деп кесіп айтқан. Демек бұндай қателікке жол беруге болмайды.
Талғар-ақпарат