Медициналық университет студенттері дипломсыз қалуы мүмкін

Медициналық университет студенттері дипломсыз қалуы мүмкін

Бұдан былай медициналық университетте мемлекеттік грантта оқып бітірген студенттерге ауылдық жерде 3 жыл жұмыс жасауы міндеттелді. Бұл жөнінде денсуалық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты,- деп хабарлайды ТалғарАқпарат «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Жеті жыл бұрын қабылданған заң жүйесі биыл күшіне еніп отыр. Өткен жылдың көрсеткіші бойынша елді мекендерге жіберілген түлектердің саны 700 болса, осы жылғы көрсеткіш 2000-ға өскен. Дейтұрғанмен ауыл квотасымен оқып бітірген дәрігерлер  ауылдардағы осы сала бойынша маман тапшылығын жоймай отыр.

Ауылдық жерлерге 2000-ға тарта түлекті жіберген күннің өзінде, 30 пайызға жуық кадр тапшылығының бары белгілі. Осыған орай, 2 жыл мемлекеттік грантта оқыған мамандарды ауылға жібереміз. Бұл – заңда көрсетілген міндет,- дейді Біртанов.

Телеарна таратқан мәліметке сүйенсек, медициналық университетте жалпы білім алатын уақыт 1 жылға қысқарған. Демек студенттер бұрынғдай 7 жыл емес, 6 жыл оқитын болады. Ең қызығы осы жылдан бастап алған білімі расталмаған студенттерге диплом берілмейтін болды. Ведомста көрсетілгендей студенттің алған мамандығы бойынша білімі тәуелсіз бағалаудан өтетін болады.

Осы жылы оқуын бітірген 11 студент өз білімін растай алмады. Енді олар 1 жылдың ішінде бұл емтиханды қайта тапсыруға міндетті. Содан кейін ғана дипломдары беріледі. Еңбек нарығына өту үшін қазір қатаң жүйе енгізілген,– деді министр өз сөзінде.

Талғар-ақпарат