ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ. ҚАТЕ ТҮЗЕЛДІ

ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ.  ҚАТЕ ТҮЗЕЛДІ

«Бесағаш ауылдық округі əкімі аппараты» «Тіл тазалығын сақтайық!» атты акциясы негізінде «Тіл сақшылары» тобы құрылып, жұмыс жоспары жасалынды. №45 мектеп-гимназиясында акцияның салтанатты ашылуы кезінде схемалық карта жасалынып, топ мүшелеріне таныстырылды.

Мемлекеттік тілдің бəсекеге қабілеттілігін нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекті ақпарат пен жарнама мəтіндерін заң талаптарына сай безендіру, үйлестіру жəне қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Тіл сақшылары» тобы өз жұмысын бірден бастап кетті. Осы жылдың 21 маусым- 5 шілде аралығында алты нысан тексеріп, орыс тілінде жазылған бір нысанға кемшіліктерді жоюға он күн берілді. Аталмыш нысан иелері қателіктерін түзеп, көрсетілетін қызметтерінің қазақша нұсқасын іліп
қойды. Қазіргі уақытта Бесағаш ауылдық округ аумағындағы барлық көшелер атауының дұрыс жазы-луын тексеру, жарнама тақталарының емлелік қателіктерін анықтау мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Фариза Ерланқызы,
Бесағаш ауылдық округі əкімінің аппаратының бас маманы.