Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа қызметте

Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа қызметте

Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Қазақстанның экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Перзидент өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің басшылық қызметіне келді. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдан 2019 жылдың маусымына дейін Мәдениет және спорт министрі қызметінде болған.

Бұл мұражай «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. Астана қаласының Тәуелсізік алаңынан бой көтерген мұражай 2014 жылдың шілде айында ашылған болатын.

Талғар-ақпарат